Хабарлама

№20 мектепте «Балдаурен» лагері 05.06.2023ж. күні басталды. Лагерьге 20 бала қабылданды. Алғашқы күні «Қайырлы күн, жас өрен!» атты қабылдау салтанатын өткіздік. Бірнші кезекте балаларды лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелермен таныстыру шараларын жүргіздік. Балаларға «Рәміздер мақтанышым» атты іс шара өткіздік. Балаларды қызықтыру мақсатында «Түрлі түсті арман» асфальтта неше түрлі суреттер салды. 06.06.2023ж. күні «Салауатты өмір салты» күні болып есептелінді. Балаларды қабылдап алған соң бой жаттығуларын жасадық. «Достығымыз жарасқан» атты ұлдар қыздарымыз флешмоб билеп өз өнерлерін көрсетті. «Денсаулық зор байлық» тақырыбында балалар дәрігермен әңгіме жүргізіп, балалар өздеріне қызықты сұрақтарын қойып, өздеріне керекті жауаптарын ала алды. Бұл күні біз балаларға жаз мезгілінде суға түсу ережелерімен таныстырдық. 07.06.2023ж. «Ертегілер әлемінде» еретегі кейіпкерлері күні болды.  Ертегілер әлеміне саяхат жасап, кейіпкерлемен таныстық, және де оларды бейнеледі. Балалармен бірге «Ұлттар достығы татулықтың тал бесігі» атты дөңелек үстел өткіздік. 08.06.2023 ж.  «Табиғат аясында» күні болды. Балаларымызға табиғат аясында өрт қауіпсіздігін сақтау турлы түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Бұл күні балалармен «Жансая» саябағына бардық. «Бірлігі жарасқан халықпыз» сурет байқауы өтті. 09.06.2023 ж. «Достық» күні болып есептелінді. Оқушыларды қабылдап, бой жаттығуларын жасадық.  «Дос боламыз бәріміз» атты балаларға  тренинг өтті.  «Досыма хат»  балалар өздерінің достарына хат жазу арқылы нағыз дос қандай болу керек екендігін туралы өз ойларың ортаға салып, пікір – талас жүргізді. Балалардың уақытын көңілді өткізу үшін «Достық» саябағына саяхат жасап,серуендеп келдік. «Ұлт бірлігі  ұлы байлық» тақырыбында  эссе жазды. 10.06.2023 ж.  «Өз қаламызды сүйеміз» күні болып есептелінді. Оқушыларды қабылдап, бой жаттығуларын жасадық. Қаламыздың  84 жылдығына арналған іс-шара өтті. Ауданымыздың тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасадық. Мұражайдан балалар керемет әсер алды.  Мұражай әкімшілігі ойын ұйымдастырып, Аман Әли мен Қуанышқалиқызы Аида отбасылық сертификат ұтып алды. «Жеңіс» саябағына саяхат жасап, серуендеп қайттық. Саябақтан келгеннен кейін «Біздің  өлкедегі ұлт өкілдері» танымдық сағат өтті. 11.06.2023ж. «Өнер» күні болып есептелінді. Балаларды қабылдап, бой жаттығуларын жасадық. «Әнші,биші,күйші балапан»  топтар сайысы өтті. «Екі жұлдыз» ән байқауы өтіп, балалар өздерінің өнерлерін көрсетті. «Қай ұлттың киімі»  сурет бойынша  балалар әр ұлттың киімі туралы өздерінің білетін мәліметтерімен ой бөлісті. 12.06.2023ж. «Спорт әлемінде» күні болып есептелінді. Балаларды қабылдап, бой жаттығуларын жасадық. «Арқан тарту», «Ақсерек, көксерек» ойыны өтті. «Бір үйдің баласындай» концерттік шара өтті. 13.06.2023ж. «Білімділер» күні болып есептелінді. Балаларды қабылдап, бой жаттығуларын жасадық. «Білімді мыңды жығар» мақал-мәтелдер сайысы өтті. «Оқиық та, тоқиық» топтық жарыстар өткізілді. Мектеп кітапханасына саяхат жасап, балалардың кітапқа деген қызығушылықтары жоғары екенін байқалды. «Ұлт келбетіндегі сұлулық»  сурет байқауы өтті. 14.06.2023 ж. «Мен елімді сүйемін!» күні болып есептелінді. Балаларды қабылдап, бой жаттығуларын жасадық. «Отан өлкем  – Астанам»  атты көркемсөз байқауы өтті. Патриоттық әндер  мен салт- дәстүр ұлттың айнасы  байқауы өтті. 15.06.2023ж. «Қош бол, Балдәурен» күні  болып есептелінді. Балаларды қабылдап, бой жатттығуларын жасадық. «Бейбіт болсын болашақ» атты қорытынды  концерттік бағдарлама өтті. Балалар әр түрлі номинация бойынша марапатталды.