Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің орны ерекше.
N20 жалпы орта білім беретін мектепте 8 наурыз Халықаралық аналар күні мерекесіне орай ардагер ұстаздардың қатысуымен «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбындағы ардагер — ұстаздармен сыр- сұхбат шарасы өткізілді. Шара барысында оқушылар ардагер ұмтаздарды құттықтап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өткен күндерін еске түсірді. Кеш соңында ардагер ұстаздар алғысын айтып, риза болды.