“Әкелер академиясы”

N20 жалпы орта білім беретін мектепте “Әкелер академиясы” жобасы аясында 3 сынып жетекшісі Умиркулова Алияның ұйымдастыруымен “Әке — алтын діңгек” тақырыбында шара өтті. Шараның мақсаты отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой — пікірлермен бөлісу. Оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.