Хабарландыру
1. «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің» №20 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша бос орындарға мына лауазымдар бойынша педагог қызметкерлерді тағайындау үшін конкурс жариялайды:
1.Бастауыш сынып мұғалімі-1 орын(уақытша бос)
2.МАД тәрбиеші-1 орын (уақытша бос)
3.Тарих пәні мұғалімі-1 орын (уақытша бос)
4.Математика пәні мұғалімі-2 орын (уақытша бос)
2.Біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13.07.2009 жылғы №338 бұйрығымен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес.
3. Лауазымдық жалақы мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12. 2015 жылғы
№ 1193 қаулысына сәйкес белгіленеді .
Конкурс құжаттары төмендегі тізім бойынша 2023 жылдың 15 тамыз -23 тамыз аралығында қабылданады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 21.02.2012 жылғы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығы негізінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Көрсетілген міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа www.enbek.kz веб-сайтында тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген мұғалімдер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін, конкурсқа барлық қажетті құжаттарды тапсырған мұғалімдер қатысады. Үміткерлер конкурсқа қатысу шығыстарын өз қаражат есебінен жүргізеді.
Құжаттар «№20 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефондары:
8(71237)4-02-78
8(71237)4-05-61
Мектептің электронды почтасы: jilioi_mektep_20 @mail.ru
Мекен-жайымыз: Құлсары қаласы, Балуан Шолақ көшесі ,1 «№20 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ